top of page

Кеңес беру - мен оған қалай жеттім

IMG_3407.jpg

Мен туралы

Компанияның бірінші басшысы лауазымында 20 жылдан астам тәжірибесі бар сарапшы. Жобаларды (Project Management Professional, (Certificate PMP of PMI, Certificate Ernst & Young Academy of Business) басқару бойынша кәсіби маман. Халықаралық PMI клубының мүшесі, PM Soft Skills халықаралық қоғамдастығының мүшесі, Ernst & Young Academy of Business клубының мүшесі.

Бай тәжірибемнің арқасында, 20 жылдан астам уақыт бойы бизнестің әр түрлі салаларында бірінші басшы лауазымында болғандықтан, мен компанияның өсуінің жаңа кезеңі үшін қайта құру және қайта құрылымдау қажет болған кезде дағдарыс менеджері ретінде әрекет етуіме тура келді, және мен оны сәтті жүзеге асырдым.

Компания күрделі ұйымдастырушылық және қаржылық проблемаларға тап болған кезде, бизнес басшысының алдында мүмкіндігінше тез жауабын табу қажет болатын негізгі сұрақтар туындайды.  Мен оларды мүмкіндігінше ертерек тауып, нақты қиындықтар туғызбас бұрын оларды енді туындап келе жатқан кезде алып тастаған дұрыс деп санаймын.

Қазір — Жобаларды басқару бойынша кәсіби маманмын (Project Management Professional, ал бұл талдаушы, өнімді еңбек етуші, және Business Development Manager, келіссөз жүргізуші, персоналмен, серіктестермен жұмыс жөніндегі менеджер дегенді де білдіреді. Алайда, бірінші кезекте мен визионермін (бұл - стратегиялық ойлауға қабілетті және көреген адам) және кәсіпкермін, күрделі жобаларды жүзеге асыра отырып, тапсырыс берушінің бизнесінің қыр-сырына барынша бой алдырамын, нарықты нақты түсініп, пайымдай аламын, "кәсіпкерлік және маркетингтік айыра білу қабылетім" маған қолданыстағы бизнес үлгісінің жіберіп алған мүмкіндіктерін көруге, жаңа мүмкіндіктерді ашуға және оларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Мен Тапсырыс берушінің компаниясына бизнестің меншік иесі тұрғысынан қараймын, мен іскер адаммын, менің жетістігім осымен түсіндіріледі. Басқа сөзбен айтқанда  — мен ұзақ мерзімді нәтижеге бейімделген марафоншымын, бірақ, ең бастысы, маған өзімнің айналысып отырған ісімнің ұнауы, бизнестегі нәзік жерлерді табу, жаңаша тыныстау мүмкіндігін беру, жақсы жаққа қалай өзгеретінін көру маңызды.

Контактілер

Сіздердің сұрақтарыңызға әрқашан қуана-қуана жауап беруге әзірмін.

Жеке кәсіпкер - "ZAKEN" 

Қазақстан Республикасы

Алматы қаласы, Назарбаев даңғылы, 2а/78

 

info@zakenova.com

 

bottom of page