top of page

Менің жобаларым

«Сети Евразия» ЖШҚ компаниясы.

_SETEA__.png

Жеке сауда нүктелері арқылы жаңа өнімді әзірлеу және нарыққа енгізу жөніндегі Жоба, - шай өнімдері (шай барлары - take away concept), «Сети Евразия» ЖШҚ компаниясы, Мәскеу қ.  

 Жобаның мақсаты: Өнімді әзірлеу, технологиялық процесті пысықтау, жобалау, өндірістік цехты пайдалануға беру, концептіні әзірлеу, шай барларын жобалау және іске қосу. 

Нәтижесінде, өнімнің 28 түрі құрылды, өнім шығару бойынша өзіндік өндіріс іске қосылды.  Өнімді Ресейлік нарыққа өз шай барлары арқылы енгізді. 

«Алатау емдеу-сауықтыру кешені» ЖШС.

«Алатау емдеу-сауықтыру кешені» ЖШС-де бизнес-процестерді оңтайландыру жөніндегі Жоба, «Алатау»шипажайы, Алматы қ.

Жобаның мақсаты: Компания қызметін оңтайландыру. 

Бизнес-процестерді оңтайландыру көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырды, 2016 жылдың ақпан айы мен 2017 жылдың қараша айы аралығында шипажайдың жүктемесі 110% - ды құрады, сатылым 70% - ға өсті, шығындар 30% - ға азайтылды.  2017 жылдың желтоқсан айынан бастап санаторий толық қалпына келтіру үшін жабылды. 

Unknown.png

«Комплекс Арасан» ЖШС.

arasan-spa-logo.gif

Компанияның құрылымын қайта құру, қайта құрылымдау, қызметтер мен бизнес - процестерді автоматтандыру Жобасы. Компания –«Комплекс Арасан» ЖШС, Арасан сауықтыру - монша кешені, Алматы қ.

Жобаның мақсаты: компанияның бизнес құндылығын арттыру.

Нәтижесінде кешенді қайта құру жүргізілді, 10 жаңа бөлімше іске қосылды, компанияны толық қайта құру, қайта құрылымдау жүргізілді, есеп, маркетинг, кадр саясаты әзірленді. Қызметтер мен бизнес-процестерді автоматтандыру жүйесі енгізілді. Қызметкерлерді жүйелі оқыту мен аттестаттауды енгіздік. Персонал үшін материалдық және материалдық емес ынталандыру бағдарламасы әзірленді, бекітілді және іске асырылды. Компанияның құндылығы арттырылды. Кешеннің барлық бөлімшелері бойынша рентабельділік барлық кезеңде - 70% құрады.

"Green House" - ЖШС  "Asia Food Star".

Компанияның бизнес-процестерін оңтайландыру жөніндегі Жоба, «Green House» холдингінің бөлімшесі - «Asia Food Star» ЖШС, Алматы қ.

Компанияның қызметі - Алматы қаласы бойынша азық-түлік өнімдерін дистрибуциялау, FERRERO, STORCK, BonduellL, MIKADO және т.б. сияқты 20 жетекші брендтер портфелі 

Нәтижесінде логистика, қойма бөлімшесі, сату бөлімінің процестері оңтайландырылды, нәтижесінде сатылым 50%-ға артты.  Қызметкерлерді жүйелі оқыту және аттестаттау енгізілді, жұмыстан қол үзбей оқыту бағдарламасы жасалды. 

Персонал үшін материалдық және материалдық емес ынталандыру бағдарламасы әзірленді, бекітілді және іске асырылды. Бизнес-процестерді оңтайландыру, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырды, кадрлардың тұрақтамауын тоқтатты.

Green House.png
bottom of page